«Қазақфильмнің» экс-вице-президенті сотталды
Фото: Pexels
«Қазақфильм» киностудиясының экс-басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін шартты түрде сотталды, - деп хабарлайды Taspanews.kz ҚХАРК-ға сілтеме жасап.
Алматы қаласы Бостандық аудандық соты «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясының бұрынғы басшысына қатысты үкім шығарды.
Тергеу анықтағандай, Жұбандықов Алматы облысында Іле жағасында «Көшпенді» жобасын түсіру кезінде нақты нарықтық құнынан 44 есе төмен салынған «Түркістан қаласы» жалған бекінісін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот Жұбандықовты бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Сонымен қатар, мүлікті қайтару бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде жер учаскесі, сондай-ақ бекіністің өзі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.