"Қазақмыс" компаниясына қарасты шахтада жұмысшы қаза тапты
2025 жылдың, 21-қаңтарында Қазақстандағы ең ірі тау-кен өндіруші «Қазақмыс» компаниясының құрамына кіретін Шығыс Жезқазған кенішінде келеңсіз оқиға салдарынан жұмысшы қайтыс болды, — деп хабарлайды Taspanews.kz.
Компанияның ресми мәліметі бойынша, 1985 жылы туған жұмысшы ұсақтаушы болған. «Қазақмыс» компаниясы жұмысшының қазасы туралы ақпаратты растап, қазір оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
«Біздің шахталарымыздың бірінде болған апат салдарынан қызметкердің қайтыс болғанын өкінішпен хабарлаймыз. Марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Біз отбасына қажетті көмекті, оның ішінде ұжымдық шартта қарастырылған төлемдерді, сондай-ақ жерлеу шығындарын жабуды міндеттелеміз», – делінген компанияның ресми мәлімдемесінде.
Бұл «Қазақмыс» кенішіндегі жұмысшылардың өліміне қатысты бірінші оқиға емес. 2024 жылдың қыркүйегінде «Қазақмыс» компаниясына қарасты Ертіс кенішінде төрт жұмысшы газдан уланып, қайтыс болды.
Сол жылдың қазан айында компанияның басқа шахтасында улы газдан тағы екі қызметкер қаза тапты.