Қазақстан адам саудасына байланысты қылмыстардың жаңа түрлері бойынша жауапкершілікке тартады
Қазақстанда адам саудасына байланысты қылмыстардың жаңа түрлері қылмыстық жауапкершілікке тартылады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР АҚУ сілтеме жасап.
Қазақстанның Қылмыстық кодексін реформалау шеңберінде адам саудасына байланысты қылмыстардың жаңа санаты енгізілуде. Сондай-ақ, ғаламтор арқылы нақты уақыт режимінде орындалған "жыныстық сипаттағы басқа қызметтерді" қамтитын жаңа ұғым пайда болады.
Енді кәмелетке толмағандарды және басқа да адамдарды осы қызметтерді көрсетуге тартқаны үшін, сондай-ақ осы делдалдық үшін қылмыстық жауапкершілік көзделеді.
Жауапкершілікке тарту көзделетін нысандар:
- Осы қызметке тартуға және делдалдыққа бағытталған жезөкшелік пен өзге де жыныстық қызметтерді үгіттеу және жарнамалау;
- Ғаламторды қоса алғанда, телекоммуникациялық желілерді пайдалана отырып, жезөкшелікпен айналысу және өзге де жыныстық қызметтер көрсету үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау.
Ұйымдастырушылардың әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 134, 308 және 309 және 450-баптары бойынша қарастырылады.
Бұдан басқа, заңда кәмелетке толмаған балалардың жезөкшелік қызметтерін және өзге де жыныстық қызметтерін қолданғаны үшін қылмыстық санкциялар белгіленеді. Бұл кінәлілерді ҚР ҚК 122-бабы бойынша жауапқа тартуға мүмкіндік береді.
Адам саудасына байланысты қылмыстар бойынша татуласуға арқылы жауапкершіліктен босау мүмкіндігі алынып тасталады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексі жәбірленушілердің арнаулы әлеуметтік қызметтер алу құқығымен толықтырылады.
Ал Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс енді медициналық және балаларды қорғау ұйымдарының лауазымды адамдарының тасталған жаңа туған нәрестелер туралы, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың келіп түсуі туралы қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға және прокуратураға хабарламағаны үшін жауапкершілік белгіленді.