Қазақстан арқылы Қытайдан Ауғанстанға дейін жүретін пойыз жолға шықты

Фото: Синьхуа
10-ақпанда Қытайдағы Чунциннан Ауғанстандағы Хайратонға дейін баратын пойыз іске қосылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz «Синьхуа» ақпараттық агенттігіне және Rail-news сілтеме жасап.
Пойыздың жөнелтілуі 55 контейнерлердегі коммуникациялық құралдарды тасымалдаумен байланысты. Ол Хайратонға барар жолда Қазақстан мен Өзбекстан жерінен өтеді. Жол 12-15 күнге созылады деп жоспарланған.
Тасымалданған жүк Ауғанстанның жергілікті коммуникациялық желісінің құрылысына қолдау ретінде ұйымдастырылды.