Қазақстан аумағынан Днепрге әскери мақсатта ракета жіберілгендіктен қауіпсіздік шаралары қолға алынды
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Президент Қасым- Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қауіпсіздік шараларын қолға алу бойынша жедел жиналыс өткізді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Премьер-министр сайтына сілтеме жасап.
"Мой город" мәліметіне сай, Ресей континентаралық баллистикалық ракетаны Капустин Яр полигонынан Днепрге жіберген. Полигонның бір бөлігі Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында орналасқан. Бұл бөлік Ресейге жалға берілген. Осы орайда ендігі кезекте ықтимал қауіп-қатерді ескере басты әскери объектілерді қорғау бойынша іс-шаралар талқыланды.
Премьер-министр Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, ТЖМ, Денсаулық сақтау, Сыртқы істер министрлігі, Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Қаржы министрлігімен жедел жиналыс өткізді.
Ресей өз кезегінде Батыстан келген зымырандарының соққысынан кейінгі Украинадағы қақтығыс жаһандық сипатқа ие болғанын айтты.