Қазақстан аумағында циклондар нәтижесінде температура ауытқиды

Фото: Depositphotos
9-11 қаңтар аралығында Қазақстан бойынша температураның ауытқуы болжанады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қазақстанның солтүстігі мен шығысында қар жауса, батысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады.
Қазақстанның солтүстік бөлігінде 9-11 қаңтар аралығында температура 15 -20 градустан, -10 -18 градусқа дейін ауытқиды. Оңтүстік Қазақстан аумағы -10 -15 градусқа дейінгі аязға тап болады. Алматы облысы таулы аудандарында және Жетісу облысында температура -20 -25 градус аяздан -5 -13 градусқа дейін ауысады. Жетісу облысы таулы аймақтарында сынап бағанасы -16 -21 градусқа дейін төмендейді. Батыс Қазақстан облысында температураның күрт ауытқуы байқалмайды.
Қазақстан бойынша жел күшейеді.