Қазақстан ауылдарында медициналық мекемелер құрылысы жалғасын табады

Фото: Pexels
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 27 қаңтар күні өткен Үкімет сағатында ауылдарда салынып жатқан медициналық нысандардың құрылысы туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz.
Министрдің айтуы бойынша, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңырту» ұлттық жобасы аясында 2024 жылы 361 объект салынды. 2025 жылы тағы 195 объект салынатын болады.
32 ауданаралық ауруалардың жетеуінің қосымша құрылыстары мен жөндеу жұмыстары жалғасуда,
«Ауданаралық 10 аурухананың жоба-сметалық құжаттамасы дайындалып, 24 млрд теңгеге тиісті бюджеттік өтінім дайындалды. 7 объектінің сметасы жоспарлануда»,