Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында шайбалы хоккейден матчта жеңіске жетті
Фото: Olympic.kz
Қазақстандық шайбалы хоккей құрамасы 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында ұйымдастырылған Азия ойындарындағы топтық кезеңдегі кезекті матчта жеңіске жетті, – деп хабарлайды Taspanews.kz Olympic.kz сілтеме жасап.
Құрама Тайбэй командасын ұтты. Есеп 5/1 болды.
Қазақстан үшін бұл үш ойындағы үшінші жеңіс. 9-ақпанда құрама Оңтүстік Корея спортшыларымен кездеседі.
Одан бөлек, 8 ақпан күні ерлер құрамасының қатысуымен Қазақстан - Жапония арасында хоккейден ойын өтеді.