Қазақстан Азия ойындарында: қорытынды
Фото: ҰОК Баспасөз қызметі. Сали Сабиров, Нұрғали Жұмағазы, Тұрар Қазанғапов
7 - 14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өткен 2025-жылғы Азия ойындарында қазақстандық құрама 20 жүлдеге – алтынға, күміске және қолаға ие болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Olympic.kz сілтеме жасап.
Қоржында төрт алтын. Биатлонист Владислав Киреев, хоккейден ерлер командасы, шорт-трекистер мен фристайл акробаттар топ жарды.
"Харбинде екінші болып Евгений Кошкин (конькимен жүгіру спорты), Қазақстанның шорт-тректен әйелдер және аралас командалары, қазақстандық хоккейшілер, шаңғышы Константин Борцов, шаңғы жарысынан әйелдер құрамасы, биатлоншы Вадим Куралес, биатлоннан ерлер командасы және аралас командалар арасындағы жарыстарда фристайлшылар көзге түсті",
Қолаға жеті рет қол жеткіздік. Оны иеленгендердің қатарында – Шаңғымен жарыс, командалық спринттегі конькимен жүгірушілер, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров, Қазақстанның шаңғы жарысынан ерлер командасы, Аяна Жолдас (фристайл-акробатика), синхронды секіруден фристайл-акробатикадан әйелдер командасы және эстафетадағы биатлоншылар.