Қазақстан бойынша 1000 оқушысы бар мектептерде тіс емдеу кабинеті ашылады
Фото: Freepik
10 қазан күні Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Оқу-ағарту министрі Гани Бейсембаев мектепті аралау барысында стоматологиялық мәселені талқыға салды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Ендігі кезекте құрамы 1000 оқушыдан асатын мектептердің барлығында стоматологиялық кабинеттер болады. Бұл тіс ауруларын алдын алу үшін мектеп жасындағы балаларға арналған шара. Сонымен қатар, хабарламада мұндай бастама ҚР бойынша 6 өңірде іске асқаны айтылған.
Келесі нысан ретінде бұл жоспарды жалпы ел бойынша жүзеге асыру сөз етілді.