Қазақстан бойынша ауа-райы жағдайы күрт өзгереді

Фото: Olaf Naami | Shutterstock.com

Қазақстанда тұрақсыз ауа-райы болады: алдағы күндері Қазақстан тағы да солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады, бұл республика бойынша тұрақсыз ауа-райы жағдайына әкеледі, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.


Қазақстан тұрғындары мен қонақтары ауа-райының күрт өзгеруіне, қарлы боранға, көктайғаққа дайын болуы керек. Синоптиктердің болжауынша,  республиканың оңтүстік-батыс облыстарында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.


«Қазақстанның басым бөлігінде бұлтты ауа-райы, жауын-шашын, тұман, екпінді жел болады, қар жауады. Көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін қосымша қиындықтар тууы мүмкін. Батыс өңірлерде көктайғақ болжанады. Республиканың оңтүстігінде жауын-шашын болмайды», – делінген хабарламада.


 Қазақстанның қалған аумағында жел екпіні күшті болуы мүмкін, сонымен қатар жолдарда көрінуді нашарлататын қарлы боран мен тұман болуы мүмкін. Алдағы күндері ауа температурасы да құбылмалы болады. Түнде аяз -3 градустан -15 градусқа дейін, күндіз ауа температурасы -6°C-тан +5°C-қа дейін ауытқиды деп болжануда.