Қазақстан бойынша көліктің орнына темір жол арқылы 700-ден астам жолаушы тасымалданды

Қазақстан Темір жолы фото на taspanews.kz от 05 января 2025 13:24
Фото: Қазақстан Темір жолы

Ауа-райының қолайсыздығынан тас жолдардағы көлік қозғалысының шектелуіне байланысты халықты межелі жерлерге жеткізу Қазақстан темір жолы арқылы жүзеге асырылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Жолаушылар тасымалы АҚ сілтеме жасап.


Сарыбел, Макинка, Елтай, Ақкөл, Екібастұз, Ерейментау мен Бурабай станцияларынан Ұлттық тасымалдаушы 700-ден астам жолаушыны көздеген жеріне жеткізді.


Тасымалдау жалғасуда.


Жолаушылар тасымалы АҚ тас жолдардың жабылуы кезінде пойызбен жол жүру мүмкін екенін айтады.


«Ұлттық тасымалдаушы азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, ұзақ сапарлардан бас тартуға шақырады», – «Жолаушылар тасымалы» АҚ.

Следите за новостями Taspanews