Қазақстан бойынша оқушылардың тамақтануын ұйымдастыратын стандарттар ұсынылды

Pexels фото на taspanews.kz от 03 декабря 2024 11:47
Фото: Pexels

Санитарлық-эпидимологиялық бақылау комитеті білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыру стандарттарын жария талқылауға шығарды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.


Жаңа стандарттарға сай, 2 ауысымды  мектептерде міндетті ыстық тамақпен қамтамасыз ету жүзеге асу керек. Ол екінші сабақтан кейінгі кез-келген уақытқа белгіленіп, ең кемінде тамақтануға 15-20 минут кету керек. Тамақтандыру интервалы 3,5-4 сағаттан аспау қажеттігі келтіріледі.


Негізгі стандарттар:


Дайындалғанына 2 сағат өтіп кеткен ас берілмейді. Ыстық тамақтардың температурасы +75 °С, қою тамақтар мен гарнирлер +65°С, ал сусындар мен салқын сорпалар +14°С-ден аз болмау керек;


Сатылмаған немесе берілмеген тамақты мұздатып, ертесі күні қайтадан ұсынуға болмайды. Соустар бөлек қаптамада берілу керек;


Тұз көлемі бастауыш сыныптарға күніне 3 граммнан, ал қант 26-34 граммнан аспау керек;


Тағамның 75%‑ы көкөністерден, жеміс-жидектерден, дәнді-дақылдардан, жидектер, мен жаңғақтардан тұруы керек;


Газдалмаған сусын беру қарастырылған. Одан бөлек шәй, сүт және компоттарға өнім салмағынан 2,5%-тен аспайтындай ғана қант қосу қажет;


Екі ауысымды оқыту тән мекемелерде тамақтандыру бюджет есебімен жүреді.


Одан бөлек ұсынылған стандарттармен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: Тамақтану стандарттары.


Жоба 17 желтоқсанға дейін жария талқылауда. 


Следите за новостями Taspanews