Қазақстан бойынша су тасқынын алдын алу шаралары жүзеге асырылуда

Фото: pkzsk.info

Су ресурстары және ирригация министрлігі су қоймаларының сыйымдылығын арттыру шараларын жүргізуде, – деп хабарлайды Taspanews.kz Премьер министр сайтына сілтеме жасап.


Астана су қоймасында 2024 жылдың 20 желтоқсанынан 2025 жылдың 3 қаңтарына дейін 5,1 млн м3 су жіберілді. Сыйымдылықты қамтамасыз ету үшін 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін су көлемі 300 млн м3 дейін азайтылады.


Ақтөбе су қоймасында 1 сәуірге дейін суды 47,3 млн м3 дейін азату жоспарланды. Батыс Қазақстан облысы, Бітік қоймасынан қазіргі таңда секундына 8,3 м3 су жіберілуде.


Бұқтырма су қоймасының сыйымдылығын 8 %-ға арттырылады, ал Қарағанды облысы, Ынтымақ су қоймасы 39%-ға босайды. Ұлытау облысындағы Кеңгір су қоймасынан көктемге дейін су көлемін 86%-дан тағы 11%-ға азайту көзделді. Қостанай облысы, Жоғарғы Тобыл су қоймасын 499,37 млн м3 дейін азайту жоспарланды.


«Биыл шаруалар мен басқа да су пайдаланушылардың сұранысы толық қанағаттандырылды. Өткен суару кезеңінде еліміздің шаруа қожалықтарына шамамен 11 млрд м3 су берілді. Бұдан бөлек үлкен және шағын су айдындарын сақтау және қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс атқарылды», – деп атап өтті су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.