Қазақстан бойынша ұйымдасқан 50 адамдық қылмыстық топ ұсталды

Фото: ҚР ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 18 қыркүйекте жүргізілген операция нәтижесінде 50 адамдық қылмыстық топты ұстады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ҰҚК-не сілтеме жасап.


ҰҚК, ІІМ және БП ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Қазақстанның 3 қаласы мен 6 облысында ұйымдасқан қылмыстық топты тапты. 


Оларға автокөліктер мен тауарларды ұрлағаны үшін және ұйымдасқан қылмысты қаржыландыру бойынша айып тағуда.


Топ мүшелері жаза өтеушілерден, дін өкілдерінен болған. Банк карталары, ауқымды қаражат, экстремистңк сипаттағы әдебиет және ақшалай чектер анықталды.


Барлық тоналған сома 2 млрд. теңгені құрайды.