Қазақстан бойынша үздік акушер анықталды

Қазақстанда «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсы өтіп, «Үздік акушер» номинациясы бойынша жеңімпаз есімі аталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Жеңімпаз – Ергепбаева Айгерім. Ол 15 жыл бойы Қызылорда қаласына қарасты Облыстық перинаталдық орталығындағы перзентханада бірінші санаттағы акушер болып қызмет атқарып келді. Мыңдаған аналарды сәтті нәтиже көрсете босандырды.
Дәрігер үнемі біліктілігін арттырып, жас мамандармен тәжірибе бөліседі. Акушер «Ана болу қауіпсіздігі», «Тиімді перинаталдық технологиялар» және «Омырау сүтімен қоректендіру практикасын қорғау, қолдау және көтермелеу» бағдарламаларын іске асыруға үлес қосты.
13 желтоқсанда «Кәсібінің үздігі» конкурсы бойынша 16 дәрігер түрлі салаларға қарай марапатталды.
«Түрлі бейіндегі және қызметтердегі медицина қызметкерлері 16 номинация бойынша марапатталды: «Стационардың үздік дәрігері», «Жедел жәрдемнің үздік дәрігері», « Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үздік дәрігері", «Ауылдың үздік дәрігері», «Денсаулық сақтау саласындағы үздік әлеуметтік қызметкер», «Үздік акушер», «Стационардың үздік мейіргері», «Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үздік мейіргері», «Үздік ауылдық мейіргер», «Үздік фельдшер», «Медициналық жоғары оқу орнының үздік оқытушысы», «Медициналық колледждің үздік оқытушысы», «Денсаулық сақтау саласындағы үздік ғалым», «Денсаулық сақтау саласынык үздік менеджері», «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың үздік маманы», «Үздік провизор», –
Әр жеңімпаз 500 АЕК көлемінде сыйақы алды.