Қазақстан БҰҰ-ның қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты

Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде «БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің елшілері мен дипломаттарының әйелдері клубы» қауымдастығы ұйымдастырған жыл сайынғы қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты, - деп хабарлайды Taspanews ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.


Шара аясында түрлі елдердің, соның ішінде Қазақстанның музыканттары мен бишілерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтті. Жәрмеңке барысында әйелдер өз елдерінің ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрін көрсетті.


Қайырымдылық шарасына Қазақстанның Тұрақты Өкілдігі де қатысып, өз стендінде дәстүрлі киім-кешек, тұрмыстық бұйымдар мен кәдесыйларды ұсынды.


Жиналған барлық қаражат әлемдегі гуманитарлық дағдарыстан зардап шеккендерге көмек көрсетуге жұмсалады.


Түрлі елдердің тұрақты өкілдіктері жыл сайын ұтыс билеттері мен ұтыс ойындарын сатып алып, мұқтаж елдерге қомақты сома таратады. Биыл бұл айтулы оқиғаға Қазақстанның Тұрақты Өкілдігі мақтанышпен қатысты.