Қазақстан Францияда өткен гендерлік теңдік форумына қатысты

 фото на taspanews.kz от 17 июня 2024 14:12
Фото: Midjourney

Қазақстандық делегация Парижде өткен ЭЫДҰ гендерлік теңдік форумына қатысты, деп жазады Taspanews.kz ProSud Telegram арнасына сілтеме жасап. Іс-шарада гендерлік теңдікті ілгерілету, әсіресе жасыл энергия мен цифрлық технологияларға көшу жағдайында, сондай-ақ теңсіздіктің экономикалық және әлеуметтік факторларын еңсеру мәселелері талқыланды.


Қазақстанның Тұрақты өкілі Асқар Әбдірахманов еліміздің заңнаманы жетілдіру мен әлеуметтік жағдайды жақсартуға күш салып жатқанын ерекше атап өтті.


Форумдағы талқылаулар нәтижесінде заңнамалық базаны жетілдіруге, түрлі салалардағы гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге, гендерлік перспективаларды саясатқа біріктіруге және кемсітушілік нормаларды жоюға баса назар аудару ұсынылды.


Следите за новостями Taspanews