Қазақстан ІІМ үш өңірде қылмыстық топ ұстады

Фото: Polisia.kz

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі еліміздің үш өңірінде, үш күн ішінде қылмыстық әрекеттердің жолын кесті, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Орал қаласында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері жергілікті жастарды ұстады. Олар өзін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, студенттен 500 мың теңге соманы күштеп бопсалаумен айналысты. Күдіктілер қамауда.


Шымкент қаласында екі жергілікті тұрғын ұсталды. Олар әйел адамды қорқытып, бопсалап, 1 млн теңге талап еткен. Егер төлем жасалмаса, зиянкестер ол туралы ақпарат тарататынын айтқан. Заң бұзушылар қамауда.


Ақтөбеде ҰҚҚКБ қызметкерлері қылмыскерді 1 млн теңге, сондай-ақ Subaru автокөлігін тартып алу кезінде ұстады. Ол 3 сыбайласымен бірге жәбірленушіге моральдық жағынан да, физикалық жағынан да қысым көрсетіп, бопсалау арқылы 8 млн теңге алуға тырысқан.


Барлық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.