Қазақстан халқының саны туралы жаңа мәлімет жарияланды

Фото: Depositphotos
1-қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстанда халық саны 20 миллионнан асты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Соңғы мәліметтерге сай, елдегі жалпы халық саны – 20 286 084-і құрады. Қала халқының саны – 12 774 743, ауыл тұрғындары – 7 511 341. Әйелдердің саны – 10 373 918. Ерлер – 9 912 166.