Қазақстан халық Ассамблеясы аясында мемлекеттік наградалармен марапаттау өтті
Фото: Ақорда
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында ел халқының бейбітшілігіне үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Бұл жайлы Мемлекет басшысы Қаулы етті:
«Халықтар арасындағы бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн наградталсын:«Парасат» орденімен Кист Виктор Эдуардович – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, «Возрождение» Қазақстан немістері бірлестігі» ҚБ төралқасының мүшесі; Кузиев Закиржан Пирмухамедович – Парламент Сенатының депутаты; Мақсилова Бақытжамал Шаханқызы – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, Павлодар облысының Аналар кеңесінің төрағасы; Пуссеп Геннадий Николаевич – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері»,
Одан бөлек, ассамблея ардагерлері, елшілері мен мәдени орталық, қауымдастық төрағаларына ІІ дәрежелі «Достық» ордені, «Ел бірлігі» ордені, «Құрмет» ордені, «Шапағат» медалі табысталды.
Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді.