Қазақстан колледждерінде Атом электр станциясы қызметкерлерін дайындайтын мамандықтар ашылады
Фото: Depositphotos
Қазақстандағы электротехника колледжерінде АЭС үшін мамандар дайындау мақсатында арнайы мамандықтар бойынша оқыту жүргізіледі, – деп хабарлайды Taspanews.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Энергетика министрлігіне ведомствоаралық бағынысты ұйымдары – Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық физика институты колледж студенттері өндірістік тәжірибе өтетін база болды.
Одан бөлек, Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда жұмысшы мамандықтардың 43 кәсіби стандарты өзектендірілгенін, жаңа мамандықтар мен біліктіліктер қосылғанын атап өтті.
«Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, 61 жоғары оқу орны мен 200-ден астам колледжді қамтитын кадрлар даярлау жұмыстары құрылды, онда Отын энергетика кешен мамандарын даярлау жүргізілуде»,