"Қазақстан" қонақ үйі әкімдіктің талабы бойынша субұрқақты қайта жаңартуға міндеттелді

Фото: GOV

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Қазақстан" қонақ үйінің иелерін жұмыстарға тапсырыс беруші ретінде мәдени маңызы бар субұрқақты қайта құруға міндеттеді,– деп хабарлайды Taspanews.kz Жоғарғы Соттың Telegram арнасына сілтеме жасап.


Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы қонақ үйге бағытталған "ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңның 17-бабының 1-тармағы 4, 4-1, 6 бойынша сотқа шағым түсірді.


Бұған дейін ЖШС қонақ үй аумағындағы субұрқақты авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асырмай, жобалық-сметалық құжаттамасы мен мамандардың қорытындысы жоқ болғанда қайта жөндеуден өткізді.


Қайта құрудың орнына рұқсат қағаздарынсыз бассейн сала бастады.


ЖШС субұрқақты өз бетінше реконструкциялау бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау бойынша шаралар қабылдаған жоқ.


Сонымен қатар, бұл субұрқақ Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілген қонақ үй ғимараты кіретін күзет аймағының аумағында орналасқан.


Сот осы жағдайларды ескере отырып, арызды қанағаттандырды және басқарманың бұйрығын орындауға міндеттеді.