Қазақстан Конституциясы алғаш рет Брайль қарпімен басылды
Конституциялық сот Қазақстан Республикасы Конституциясының мемлекеттік және орыс тілдерінде алғаш рет Брайль қарпімен жарияланған нұсқасын таныстырды, - деп хабарлайды Taspanews ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Конституциялық сот бастамасымен негізгі заңды зағип және нашар көретін азаматтарға арналған жоғары нүктелі тактильді шрифтке көшіру жөніндегі жобаны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесі мен Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдады.
Тұсаукесер рәсіміне дипломатиялық миссиялардың өкілдері, парламентшілер, мемлекеттік қызметкерлер, ҮЕҰ қатысушылары мен ғалымдар қатысты.
Конституциялық Соттың Төрайымы Эльвира Әзімова қолжетімді ортаны құру заң алдындағы теңдіктің және сот төрелігіне қолжетімділіктің конституциялық кепілдіктерінің құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті. Ол бұл бастаманың Қазақстандағы әділеттілік пен теңдік саясатының қағидаттарына сәйкес келетінін, мемлекеттің адам құқықтары мен кемсітушілікке жол бермеу жөніндегі міндеттемесін растайтынын атап өтті.
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Фолькер Фрохбарт Конституцияның Брайль шрифтімен жазылған жаңа редакциясы Қазақстанның адам құқықтары құндылықтары мен инклюзивтілігіне адалдығын көрсетеді деп қосты. Қазақстан БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясының қатысушысы ретінде мүгедектердің ақпаратқа, білімге және сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз етуді жақтайды.
Конституцияның жаңа басылымдары 56 мекемеге, соның ішінде кітапханаларға, оқу орталықтарына және мамандандырылған мектептерге таратылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Қазақстанда 160 мың көру қабілеті бұзылған адам тұрады, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 85 мың зағип, оның ішінде 4000-нан астамы нашар көретін балалар, оның 350-ге жуығы мүлдем соқырлар.