Қазақстан құрамасы Азия ойындарында кезекті күміс медальға қол жеткізді

Фото: Тұрар Казангапов, ҰОК баспасөз қызметі

Қытайдағы Харбин қаласында жүргізіліп жатқан Азия ойындарында қазақстандық әйелдер құрамасы шаңғы жарысынан күміс медаль иеденді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Olympic.kz сілтеме жасап.


Жеңімпаздар қатары – Ксения Шалыгина, Камила Елгазинова, Ангелина Шурыга мен Наджеда Степашкина.


Спортшылар финиште 55:24.5 көрсеткішін көрсетті. Олардан 1 минут кешіге Жапония спортшылары мәреге жетті. Бірінші орын Қытай спортшыларына бұйырды.