Қазақстан-Қытай логистикасы: Сианьдағы терминал рекорд орнатты

ҚР ҚТЖ фото на taspanews.kz от 06 марта 2025 18:10
Фото: ҚР ҚТЖ

Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалы жаңа белеске шықты. Сианьдағы қазақстандық логистикалық орталық іске қосылғаннан бері бір жыл ішінде жүк тасымалы көлемі 33 есе өсіп, Қытай – Еуропа бағыты бойынша жөнелтілген пойыздар саны 5000-нан асты, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ҚТЖ сіл еме жасап.


Сианьдағы қазақстандық логистикалық терминал өзінің жоғары тиімділігін дәлелдеді. Жылдық қуаты 133 000 ДФЭ болатын нысан арқылы өткен жылы 276 000 тонна транзиттік жүк тасымалданды. 2025 жылы бұл көрсеткіш 456 000 тоннаға жетеді деп күтілуде. 2024 жылы Сиань Құрғақ портынан жөнелтілген Қытай – Еуропа пойыздарының саны 5000-нан асып, бұл тарихи рекорд болды.


Барлық жөнелтілімнің 25%-ы осы бағытқа тиесілі. Бұл жетістік ТХКБ (Транскаспий халықаралық көлік бағыты) маршрутының негізгі түйіні саналатын терминалдың арқасында мүмкін болды. Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалы тұрақты өсіп келеді.


Сианьдағы қазақстан-қытай терминалы Қазақстанға бағытталған контейнерлік пойыздардың 40%-ын шоғырландырып, жүк ағынын арттыруда стратегиялық маңызға ие.


Следите за новостями Taspanews