Қазақстан-Қытай шекарасындағы электронды кезектің кемшілігі анықталды
Фото: Depositphotos
Қазақстан-Қытай шекарасындағы «CarGoRuqsat» платформасында тіркеусіз брондау жүргені анықталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Бұл көлеңкелі нарыққа жол берген махинациялық схемаларға әкелді. Прокуратура қулық әдіспен брондауды тоқтатты.
Нәтижесінде шекарадан өту процесі ашық әрі қолжетімді бола түсті. Сонымен қатар, «Қорғас» кеден бекетінде бақылау жүйесі күшейтіліп, «КеденШЫХО» жүйесі енгізілді.