Қазақстан мен Өзбекстанның шекаралас аймақтарында екі елдің өнеркәсіптік кооперация орталығы ашылады
Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру туралы келісім Мәжіліс отырысында ратификацияланды, — деп хабарлайды Taspanews.kz Парламент Мәжілісіне сілтеме жасап.
Орталық мемлекетаралық өндірістік ынтымақтастықты дамытуға, шағын және орта кәсіпорындарды халықаралық құн тізбегіне біріктіруге, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталады. Бұл өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға, инвестиция тартуға және сауда байланыстарын нығайтуға серпін бермек.
Орталық екі ел арасындағы өндірістік және экономикалық байланыстарды нығайтып, бизнестік кәсіпорындарын халықаралық нарыққа шығаруға мүмкіндік береді.
Нысан шекарадағы «Атамекен» (Қазақстан) және «Гүлістан» (Өзбекстан) бақылау-өткізу бекеттері маңында орналасады.