Қазақстан мен Румыния көлік саласындағы әріптестікті нығайтады

 фото на taspanews.kz от 13 июня 2024 14:53
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қазақстан мен Румыния көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда, деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.


 Транскаспий халықаралық көлік бағыты үйлестіру платформасын іске асыру шеңберінде Қазақстанның көлік министрі Марат Қарабаев Румыния Премьер-министрінің Мемлекеттік кеңесшісі Флорин Спатарумен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында екі елдің көлік жүйелерінің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты мен ТРАСЕКА халықаралық көлік дәлізі талқыланды.


Кездесу қорытындысы бойынша делегация өкілдері екі елдің көлік операторлары арасында серіктестікті нығайту және берік байланыс орнату бойынша алдағы қадамдар туралы келісті. Темір жол, авиация, теңіз және автомобиль көлігі салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.


Следите за новостями Taspanews