Қазақстан облыстары бойынша су тасқыны кезеңіне дайындық туралы ақпарат жарияланды

Фото: Pexels

Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева су қоймаларын су тасқыны кезеңіне дайындау барысы бойынша жағдайды түсіндірді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР СРИМ сілтеме жасап.


Министрлік мәлімдемесінде Оңтүстік облыстардағы су қоймалары алдыңғы жылмен салыстырғанда 23%-ға артық толғаны, сыйымдылықты қамтамасыз ету үшін солтүстік, батыс және шығыс облыстардағы қоймалардан су жіберілуде екені келтірілген. Солтүстегі су қоймалары 79%-ға толы болса, Шығыстағы су қоймалары 89%-ға су толған. Су тасқынын болдырмау мақсатында іс-шаралар бастауын алды.


Ресми өкілдің ақпаратына сай:


 “Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында министрлік барлық облыстарға су басу қаупін азайту жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыратын жерснарядтар секілді мамандандырылған техниканы пайдалана отырып, өзен арналарын тазарту жөнінде ұсыныс жіберді”, – Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.