Қазақстан өңірлері Kundelik-тен бас тартуда
Ата-аналар Kundelik қосымшасында жарнама мен ақылы қызметтердің болуына көптеп шағымдануына байланысты Қостанай облысы мектептері балаларға, ата-аналарға және мұғалімдерге арналған тегін BilimClass электронды журнал және күнделік модуліне көшті, – деп хабарлады Taspanews.kz тілшісіне өңірлік білім басқармасының баспасөз қызметі.
Қостанай облысының 433 мектебі жаңа оқу жылында Bilimclass электронды журналдары мен күнделіктерінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне көшіп, сегіз жылдан астам қызмет ететін Kundelik-тен бас тартты. Бұл мұндай шешім қабылдаған жалғыз және бірінші аймақ емес екенін еске түсірсек. Бұған дейін Ақтөбе облысы да ұқсас шара қолданды.
"Білім беру платформаларының барлық түрлерін зерттей келе, біз BilimClass-қа тоқталдық, себебі оның жарнамасы мен ақылы қызметтері жоқ, оқушылар мен мұғалімдер үшін көптеген мүмкіндіктер қарастырылған".
Ал Оқу-ағарту министрлігі өңірлердің таңдауына араласпайтынын хабарлады. Алайда электронды жүйелерді бақылау, әрине, жүзеге асырылады. Атап айтқанда, мектептерді материалдық-техникалық жағдайын қолдауы және олардың қалыпты жұмыс істеуі үшін жергілікті билік органдары жауап береді.
"Жергілікті атқарушы органдар мектептер үшін бағдарламалық шешімдерді, ақпараттық жүйелерді – Kundelik ААЖ немесе нарықта бар өзге де платформаларды таңдауға құқылы"
Қазіргі уақытта BilimClass енгізілген айматарла мұғалімдер оны қолдану жөніндегі нұсқаулықтарды меңгеруде.