Қазақстан полициясы жыл басынан бері есірткіге қарсы 5 мыңнан астам шара өткізді
Фото: ҚР ІІМ
Жыл басынан бері полицейлер есірткіге қарсы 5 мыңнан астам іс-шара өткізді, - деп хабарлайды Taspanews ҚР Ішкі істер министрлігінің порталына сілтеме жасап.
«Есірткісіз болашақ» бастамасы аясында Ішкі істер министрлігі қызметкерлері жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша қарқынды жұмыс жүргізуде. Осы кезеңде Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті республика бойынша есірткіге қарсы 5377 акция ұйымдастырды.
Тәртіп сақшылары жасөспірімдер арасындағы нашақорлықпен күресуге баса назар аударып, өскелең ұрпақ арасында тәрбие жұмыстарын жүргізуде. Бұл іс-шаралар қоғамның назарын есірткінің күрделі мәселесіне және оның жастарға әсеріне аударуға арналған.
Жобаларға мектептерде және қоғамдық ұйымдарда ақпараттандыру науқандары, кездесулер, лекциялар мен іс-шаралар кіреді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – есірткінің зияны туралы хабардар ету және саналы шешім қабылдау дағдыларын дамыту.