Қазақстан Республикасының Қаржы министрі азаматтарды жеке қабылдауын өткізді

 фото на taspanews.kz от 07 июня 2024 13:59
Фото: ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі
 фото на taspanews.kz от 07 июня 2024 13:59
Фото: ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Тәкиев «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында азаматтарды жеке қабылдауын өткізді, – деп хабарлайды Taspanews ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап


«Тыңдаушы мемлекет» тәсілі халықпен пікірлер мен ұсыныстар алмасу үшін ыңғайлы алаңдар арқылы белсенді өзара әрекеттесуді білдіреді. Азаматтарды қабылдау орталығы түсіндірме алып қана қоймай, мәселелерді шешу жолдарын табуға болатын негізгі орындардың біріне айналды.


Азаматтарды қабылдау барысында салық және кедендік әкімшілендіру, су құбыры құрылысы мен жол жөндеу, сондай-ақ жеке мәселелер бойынша түрлі салаларға қатысты сұрақтар қойылды.


Мәди Тәкиев қарауға қосымша уақыт қажет ететін мәселелерді жеке бақылауына алып, барлық өтініштерге жан-жақты жауап берді. Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.


Следите за новостями Taspanews