Қазақстандық құрама Қытайдағы Азия ойындарының ашылу салтанатында ту желбіретті

Фото: Olympic.kz
Қытайдағы Харбин қаласында IX қысқы Азиада ойындарының ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды Taspanews.kz Olympic.kz сілтеме жасап.
Осы орайда, өздерін таныстыру барысында Қазақстан құрамасы ту ұстап шықты. Бұл мәртебеге ие болғандар – хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-трекші Ольга Тихонова.
Еске салсақ, елден 137 спортшы қысқы ойындарға қатысады. Бұл ойындар 7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өткізіледі.
Ұлттық құрама арнайы дайындалған ұлттық нақыш белгілері бар спорттық киіммен сайысқа түседі.