Қазақстан шекарасында бірнеше вагон картоп шіріп кетті
Түркістан облысында Павлодардан Ташкентке теміржол арқылы жөнелтілген картоп шекарадан шығарылмай қалғаннан кәсіпкерлер шығынға ұшырады, – деп хабарлайды Taspanews.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Көп күн шекарадан өткізілмеген қазіргі таңда тапшы мың тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері жарамсыз болып қалды.
«Сарыағаш станциясында картоп тиелген вагондар фитосанитарлық тексеруден өту керек болып он күннен астам уақыт тұрып қалды. Бұл оның бүлінуіне әкеп соқты. Жүк 43 вагонмен тасымалданды, әр вагонда 68 тонна өнім болды. Алайда, ұзақ уақыт суықта қалып қойған көкөністер қатып, температура көтерілгеннен кейін шіри бастады. Кәсіпкерлер орасан шығынға ұшырады», – деп хабарлайды телеарна.
Кәсіпкерлердің айтуынша, шекарадан өтуге қажетті құжаттардың барлығы экспортқа тыйым салу енгізілгенге дейін қаңтар айының ортасында ресімделген. Осыған қарамастан жүкті жеткізу тоқтатылып, тасымалдау он күннен астам уақытқа кешіктірілді.
Картоптың бұзыла бастағаны белгілі болған соң, жергілікті әкімдік өкілдері кәсіпкерлерге 1 кг өнімді 100-150 теңгеден сатуды ұсынды, бұл нарықтағы құнның жартысы ғана. Кәсіпкерлер бас тартты.
Ауыл шаруашылығы министрлігі барлық фитосанитарлық тексерулер ережелерге сәйкес жүргізілгенін және қазіргі уақытта шекарадан өтуге кедергілердің барлығы жойылғанын айтты.
«Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл көмек тым кеш қалды. Жағдайды түзету мүмкін емес, тауарлар жойылып, шығын жүздеген миллион теңгені құрады. Осыған байланысты зардап шеккен бес компанияның өкілдері жүкті негізсіз кешіктіруге жол берген билік өкілдерін сотқа беруге ниетті екенін мәлімдеді», – делінген хабарламада.
Бизнесмендер сот арқылы келтірілген шығынның орнын толтыруды және шекаралық бақылау процедураларын қайта қарауды талап етеді деп үміттенеді.