Қазақстан сұйытылған газды жеткізудің көтерме бағасын тұрақтандырды

pixabay.com фото на taspanews.kz от 06 января 2025 12:33
Фото: pixabay.com

Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтары мен 30 маусымы аралығындағы кезеңге дейін сұйытылған мұнай газының тұрақты бағасы бекітілді, деп хабарлайды Taspanews.kz.


Энергетика министрлігінің бұйрығына сәйкес сұйытылған газдың көтерме бағасы қосылған құг салығынсыз тоннасына 45 158 теңгені құрайды. Бұл баға 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында өзгеріссіз қалады.


«Бекітілген баға сұйытылған мұнай газын Қазақстанның ішкі нарығына жеткізу стратегиясының бөлігі болып табылады, бұл ретте жеткізу тауар биржаларынан тыс жүзеге асырылады»,  – делінген құжаттың түсіндірмесінде.

Еске салсақ, өткен жартыжылдықта (2024 жылдың шілде-желтоқсан айлары аралығында) баға сондай болған, яғни 1 тоннаға 45 158 теңге  болған. Бұған дейін баға тоннасына 40 320 теңге болып белгіленген.


Энергетика министрлігі 2024 жылы бағаны көтеру қажеттілігін бірқатар экономикалық факторлар, соның ішінде сұйытылған газ өндірудк кеткен шығынның өтелмеуі, тұтыну көлемінің күрт артуы және көрші елдермен салыстырғанда бағаның айтарлықтай алшақтығы себеп болғанын түсіндірді.


Следите за новостями Taspanews