Қазақстан темір жолында 108 кг жүк заңсыз тасымалданған

Фото: ҚР ҚТЖ

ҚТЖ поездық бригадасын бақылау жөніндегі бас менеджерлер Маңғыстау-Алматы пойызынан ресімделмеген жүк тапқан, – деп хабарлайды Taspanews.kz темір жол баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.


Тараз-Шымкент учаскесінде жүргізілген тексеру нәтижесінде, пойыздың №8/1589 вагонында Түрксібтен Шымкент станциясына дейін жеткізу көзделген жүк анықталды.


Жүкті заңсыз тасымалдаудан бөлек, жолсерік және пойыз басшысы бақылаушыға қарсы лас сөздер айтып, күш көрсеткен. Нәтижесінде, пойыздың жолсерігі жұмыстан шығарылды.


Денсаулыққа келтірілген жеңіл зиян бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.