Қазақстан Ұлттық Банкі теңге күніне орай цифрлық инвестициялық монетаны іске қосады

Фото: Ұлттық банк

Алтын цифрлық инвестициялық монеталарды әлемнің кез-келген жерінде онлайн сатып алуға болады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ұлттық Банкке сілтеме жасап.


Цифрлық монеталарды Ұлттық Банкке кері сату, сыйлау, жеткілікті саны жиналғанда алтын инвестициялық монетаға айырбастауға болады.


Осы орайда арнайы салмағы 31,1 келі жаңа UKI инвестициялық монетасы дайындалуда.


“Цифрлық баламадағы инвестициялық монетаның құны LBMA (Лондон бағалы металдар нарығына қатысушылардың қауымдастығы) белгілеген алтынның салмағы мен бағасына сай және Ұлттық Банк белгілеген АҚШ долларының теңгеге шаққандағы айырбас бағамы негізінде теңгемен есептелетін болады”, – Ұлттық Банк.