Қазақстан–АҚШ тікелей әуе рейстерін жүзеге асыру талқыланды
Фото: цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің басшылығымен Сиэтдлде қазақстандық делегация Boeing компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Taspanews.kz министрлікке сілтеме жасап.
Кездесуде Қазақстанға ұшақ жеткізу мәселесі, АҚШ-қа тікелей рейс мүмкіндігі талқыланды. Boeing компаниясы ұшақ құрастыруымен, компанияда жүргізіліп жатқан цифрлық трансформация процесімен таныстырды.
Нәтижесінде, Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс үшін алғашқы Dreamliner ұшағын жеткізу 2025 жылдың соңына жоспарланды.