Қазақстанда 2024 жылы пайдалануға берілген мектептер саны рекордық көрсеткішке жетті

Фото: Depositphotos

2024 жылы жаңа 257 мектептің құрылысы аяқталып, 373 мың оқушыға орта біліммен қамтамасыз етілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.


Министрлік келтірген мәліметке сәйкес, үш ауысымды мектептер, апатты мектептер мен оқу орнындағы орын тапшылығы мәселелерін шешу мақсатында 2024 жылы қажетті іс-шаралар жүргізілді.


Бірінші кезекте, үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер мәселесі бойынша мемлекеттік бюджет және инвестиция тартылды. Мемлекет басшысы бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 254 мың оқушыға арналған 105 мектеп қолдануға берілді. Олардың 40 пайызы ауылдық жерде орналасқаны келтірілді. Жалпы алғанда, 148 елді мекенде оқушыларға арналған орындардың тапшылығы мәселесі шешілді.


Одан бөлек, интернаттағы оқушы орындарының тапшылығын шешу алға тартылды:


«Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры бойынша 27 мың оқушы орнына арналған 25 мектеп қолданысқа берілді. Қосымша тағы бес мектеп пен 3,3 мың орындық интернат құрылысы жүруде. Білім беру нысандары құрылысының басым бөлігі Жетісу, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында және Алматы қаласында салынуда», – делінген Оқу ағарту министрлігінің жыл қорытындысында.


Жемқорлықпен алынған ақшаны тәркілеу аясында 89 мектеп қаржыландырылды.


Инфрақұрылымдық жұмыстар да жүзеге асырылды. Оқу орындары күрделі жөндеуден өтіп, заманауи жабдықталды. Мыңға жуық ауыл мектебі жаңғыртылды.