Қазақстанда 2025 жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері өседі

pixabay.com фото на taspanews.kz от 30 декабря 2024 12:06
Фото: pixabay.com

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдердің өсетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Еңбек министрлігінің мәліметіне сай, инфляцияның болжанған деңгейіне сәйкес мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрлері, сондай-ақ базалық зейнетақы төлемдері 6,5%-ға өседі. Бұл зейнеткерлерге де, басқа да әлеуметтік көмек алушыларға да қатысты. Ынтымақты зейнетақыға ерекше көңіл бөлінуде, ол 8,5 пайызға өседі, бұл инфляция деңгейінен 2 пайызға жоғары.


«Ең төменгі базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65 пайызынан 70 пайызға дейін ұлғайтылады, 2025 жылы ол 32 360 теңгені құрайды. Базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері де ең төменгі күнкөріс деңгейінің 105%-дан 110%-ға дейін артады, ол 50 851 теңгені құрайды»,  – деп атап өтті ЕХӘҚМ.

  Бұл сомаларға Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорынан (БҰЗҚ) қосымша төлемдер кірмейді. Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап басқа да әлеуметтік төлемдер өседі.


«Бірінші, екінші және үшінші бала туғанда төленетін жәрдемақы 140 296 теңгеден 149 416 теңгеге, төртінші және одан кейінгі бала туғанда 232 596 теңгеден 247 716 теңгеге дейін өседі. Көп балалы отбасылар үшін де жәрдемақы мөлшері артады. Төрт балалы отбасыларға 59 183 теңгенің орнына 63 030 теңге беріледі, және он балалы отбасыларға 147 680 теңгенің орнына 157 280 теңге қарастырылған», – деп түсіндірді министрлікте.


  Мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін жәрдемақы да өзгереді. Бірінші топтағы мүгедектер үшін төлем 95 496 теңгеден 101 702 теңгеге дейін, екінші топтағы мүгедектер үшін 76 397 теңгеден 81 362 теңгеге дейін, үшінші топтағы мүгедектер үшін 52 089 теңгеден 55 474 теңгеге дейін өседі. Сонымен қатар, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігін жоғалту бойынша жәрдемақы 6,5%-ға өседі.


Следите за новостями Taspanews