Қазақстанда 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынды
Фото: Pxhere
Енді 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынды, – деп хабарлайды Taspanews ҚР Парламенті Мәжілісінің Telegram-арнасына сілтеме жасап
Бүгіннен бастап 21 жасқа толмаған қазақстандықтарға энергетикалық сусындарды сатып алуға тыйым салынады. Бұл шектеу сауда автоматтары мен басқа электрондық немесе механикалық құрылғыларды қоса алғанда, сатудың барлық әдістеріне қатысты. Тиісті түзетулерді Мәжіліс депутаттары мақұлдады.
Сонымен қатар, Үкіметтің ұсынысымен мемлекеттік еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның құзырына беру туралы түзетулер енгізілді.