Қазақстанда 4 наурызда қар жауып, бұрқасын болады
Фото: Sabah.com
2025 жылдың 4 наурызында Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде, әсіресе еліміздің батысында қар, жаңбыр жауады, – деп хабарлайды Taspanews.kz "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.
Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұман, көктайғақ, қар жауады.
«Солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталықта қатты жел соғады. Жетісу, Маңғыстау облыстарында, әсіресе таулы аймақтарда түнде қар жауады, батыста таңертең жаңбыр, қар түріндегі қатты жауын-шашын болады»,
Сарапшылар сапарларды жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескере отырып, жолдарда абай болуға кеңес береді.