Қазақстанда 78,1 мың отбасына арнаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Фото: Depositphotos

2024 жыл қорытындысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек 78,1 мың отбасына көрсетілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ЕХӘҚМ сілтеме жасап.


Негізгі мақсаты ақшалай төлем жасай, қолдау көрсету, отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару болатын атаулы әлеуметтік көмекке 413,7 мың адам іліккен.


«АӘК мыналарды көздейді: табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау; табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2024 жылдың қорытындысы бойынша АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 129,5 мың балаға 5,4 млрд. теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды; өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу», – ҚР ЕХӘҚМ.

Көмекке қол жеткізу үшін өтінішті мансап орталығында, тұрғылықты жері бойынша ауылдық округтің әкіміне жолығып немесе e-Gov порталы арқылы беруге болады.


Еске салсақ, 2025 жылдың 1-қаңтарынан бастап арнаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін кедейлік шегін анықтау халықтың медиандық табысына негізделеді.