Қазақстанда «AI-Sana» стартаптарды бизнес үдеткіш бағдарламасы іске қосылатын болады

Pexels фото на taspanews.kz от 11 марта 2025 11:31
Фото: Pexels

2025 жылы 11 наурыздағы Үкімет отырысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда жасанды интеллект қолдануға қызығушылығы бар стартаптарға бизнесті үдететін «AI-Sana» бағдарламасы ұсынылатынын жеткізді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Үкіметтің ресми ақпаратына сілтеме жасап.


Жоба әзірлену барысында. Елдегі жетекші университеттер зияткерлік капиталдың негізгі көзі болмақ.


«Биыл 650 мың студент жасанды интеллект бойынша арнайы курстардан өтеді, ал екінші кезеңде 100 мың студент Стэнфорд жоғары білім беру мектебінің бас техникалық директоры Пол Киммен бірлесіп дайындалған курстарды оқиды. Жыл соңына дейін біз жасанды интеллект саласында 1-1,5 мың стартап команда құруды жоспарлап отырмыз», – деді  ҚР Ғылым және жоғары білім министрі .

Следите за новостями Taspanews