Қазақстанда әлеуметтік осал топтардың құқығын қорғау үшін инспекция жүргізілді

Фото: VistaCreate

2024 жылдың басынан бастап әлеуметтік қорғаудың қадағалау органдары халықтың әлеуметтік осал санаттары құқығын қорғау үшін 2 344 инспекцияны жүзеге асырды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.


Мұндай қадамдар мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың басқа топтары үшін әл-ауқатты арттыруға бағытталған.


Жүргізілген инспекцияларға профилактикалық тексеру шеңберінде 582, жоспардан тыс 572 және прокуратураның талаптары бойынша 1 190 инспекция кірді. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою үшін 826 ұйғарым берілді, сонымен қатар 199 млн теңгеден астам 798 айыппұл салынды. Мемлекеттік инспекторлар 900-ден астам мектепке, 462 балабақшаға, сондай-ақ бірқатар медициналық мекемелерге, соның ішінде ауруханалар мен емханаларға назар аударды.


Мүмкіндігі шектеулі азаматтың өтініші негізінде Абай облысында тексеру жүргізілді. Азық-түлік дүкенінің бірі мүмкіндігі шектеулі азаматтар тобына қол жетімділіктің жоқтығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды және бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.


Ақмола облысының тұрғыны Талғат Уаисов жағымды өзгерістермен бөлісті. Өңірде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қол жетімді учаскелер саны едәуір өскен – неғұрлым ыңғайлы пандустар мен тактильді құралдардан бастап толыққанды лифтілер жабдықталған.


Талғат Көкшетаудағы орталық базардың мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін толық қолжетімді етіп жөнделгенін атап өтті. Сондай-ақ, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдай жақсарған.