Қазақстанда әлеуметтік жобаларға қаржы бөлінеді

Фото: UKIMET Telegram-арнасы

Мемлекеттік бюджетті қалпына келтіру есебінен қаржыландырылатын негізгі  инфрақұрылым нысандарын салу жоспары жарияланды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Үкіметінің телеграм арнасына сілтеме жасап.


Түркістан және Ақмола облыстары ауылдық аймақтарындағы мәдени-спорттық ортаны жетілдіру осы жоспарға кірген.


Зеренді ауылындағы спорт кешенін әзірлеу қарастырылуда.


Мұнда шамамен 2.1 миллиард теңге ауданы алты мың шаршы метрден асатын, бір мезгілде 80-нен астам адамды қабылдай алатын алып ғимараттың құрылысы жүреді. Күрес пен боксқа арналған мамандандырылған алаңдар, шаңғы трассалары, сондай-ақ спорттық жабдықтары мен басқа да қажетті атрибуттары бар екі функционалдық бөлме қаарстырылған.


Ал, Түркістан облысындағы Темірланда 300-ге жуық адамға арналғае өнер мектебі салынуда. 1974 жылдан бері жұмыс істеп келген мекеменің қазіргі қауіпсіздік стандарттарына сай еместігі анықталды. Жаңа оқу ғимаратында музыкалық және би дағдыларын дамытуға арналған кең аудиториялар мен студиялар болады.


Қазіргі уақытта Арнаулы мемлекеттік қорда 177 миллиард теңге жинақталған. Ол қаржы сондай-ақ денсаулық сақтау, спорт, білім беру және инфрақұрылым салаларындағы басқа да көптеген жоспарларды жүзеге асыруға арналған.