Қазақстанда алғашқы қоңырау демалыс күніне қарамастан 1 қыркүйекте өтеді
Фото: Gov
Биылғы жылы 1 қыркүйек күні демалыс күніне, жексенбіге сәйкес келетініне қарамастан, елдегі оқу жылының бірінші күні салтанатты түрде өтеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz "Ақ Жайық" газетінің ақпаратына сілтеме жасап.
Бұл туралы Үкімет брифингінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2024-2025 жаңа оқу жылының дәстүрлі басталуының маңыздылығын ескере отырып, мәлімдеді.
Білім күніне арналған мерекелік жиындар әдеттегі форматта өтеді.