Қазақстанда асыраушысынан айырылған азаматтарға бөлінген қаржы белгілі болды
Қазақстанда еңбек және мүгедектік жағдайындағы осал топтарға 516,7 млрд теңге көлемінде жәрдемақы жүзеге асырылды, - деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ЕХӘҚМ сілтеме жасап.
2024 жыл басынан бастап бүгінгі күнге шаққан көрсеткіш бойынша мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған азаматтар 457,1 млрд теңге сомасында мемлекеттің бюджеттен көмек алған.
Әлеуметтік сақтандыру қоры тарапынан еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу бойынша 59,6 млрд теңге қаржы жіберілген.
Мүгедектік бойынша жәрдемақы мүгедектік тобына, себебіне және «Республикалық бюджет туралы» заңда қарастырылған ең төмен күнкөріс деңгейінің айналасында болады.
Асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы мөлшері асырауында қалған адам саны, қаза болу себебі мен ең төмен күнкөріс деңгейі шамасында.