Қазақстанда ауа-райы жағдайы құбылмалы күйінде

2025 жылдың 28 ақпанында жұма күні Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы жағдайы – тұман, қар, көктайғақ, бұрқасын болжанады, – деп хабарлайды Taspanews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктер жұма күні тоғыз аймақта дауылды ескерту жариялады.
Қарағанды облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман түсуі мүмкін.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында түнде көктайғақ, күндіз оңтүстік пен шығысқа қарай көктайғақ болжанады. Сондай-ақ облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде кей жерлерде тұман түседі. Таулы аймақтарда желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Таразда кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Ұлытау облысының батысында қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ болады. Қызылордада күндіз көктайғақ байқалады.
Ақтөбе облысында қар жауып, орталық пен оңтүстігінде бұрқасын болады. Батысы және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Облыс орталығында күндіз жел секундына 15-18 метрге дейін күшейеді.
Жетісу облысының орталығында және таулы аймақтарында тұман түсіп, шығысында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Талдықорғанда түнде және таңертең кей уақытта тұман түсуі мүмкін.
Қостанай облысында тұман түседі.
Маңғыстау облысының батысы мен шығысында түнде қалың қар жауып, боран соғады, шығыс пен орталығында тұман түседі.
Ақтауда түнде қалың қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Атырау облысында қар жауады, шығысы пен оңтүстігінде бұрқасын болуы мүмкін.
Солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Атыраудың кей жерлерінде қар жауып, көктайғақ болады.
Түркістан облысының оңтүстігі, батысы және таулы аймақтарында тұман түседі.
Шымкент, Түркістан қалаларында түнде және таңертең тұман түседі.
Астананы да тұман басады.
Павлодар облысында түнде және таңертең батысында және оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында күндіз қар жаууы мүмкін, оңтүстігінде тұман түседі. Жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Петропавлда күндіз қар жауып, бұрқасын болады. Батыс Қазақстан облысында облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.
Оралда да тұман болады.
Ақмола облысында солтүстікте, батыста және оңтүстікте тұман күтіледі.
Сонымен қатар, Абай ауданы, Семей қаласында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды.